Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында жыл басынан бері заңсыз айналымнан 400 мың килограммнан астам есірткі заты тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері көрсетілген мерзімде 162 есірткі қылмысын, яғни есірткіні өткізудің 40 дерегін, аса ірі көлемде сақтаудың 19 дерегін, есірткі құралдарын насихаттаудың 3 дерегін немесе оны заңсыз жарнамалау, есірткі құралдары контрабандасының екі дерегі және есірткіні пайдалану үшін притондар ұйымдастыру және ұстау деректерін анықтады. Заңсыз айналымнан төрт жүз мың килограммнан астам түрлі есірткі құралдары, оның ішінде 17 килограммнан астам гашиш, бір килограммнан астам героин және бір килограммға жуық синтетикалық есірткі тәркіленді.
Естеріңізге сала кетейік, полицейлер арнайы операция жүргізу барысында үш есірткі сатушыны құрықтады. 29 сәуір күні Таразда полиция қызметкерлері арнайы операция жүргізу барысында бір мезгілде үш синтетикалық есірткіні және "марихуана" есірткі құралдарын өткізушілерден санкцияланған тінтулер жүргізді. Аталған азаматтардың тұрғылықты жері бойынша және "Мерседес" маркалы автомашинадан жалпы салмағы үш килограмнан астам синтетикалық есірткі, килограмға жуық "кептірілген марихуана" есірткі құралдары және есірткі құралдарын пайдалануға арналған құралдар табылды және алынды. Ұсталған 20, 21 және 22 жастағы облыс орталығының тұрғындары өз кінәсін мойындады, олар Тараз қаласының Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі "Есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату" және ҚР ҚК-нің 302-бабы 1-бөлігі "Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау және осы мақсаттар үшін үй-жайлар беру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.