Жамбылдағы жарылысқа қатысты әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқандар жазаланады

27 Тамыз 2021, 09:53
885
Бөлісу:
Жамбылдағы жарылысқа қатысты әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқандар жазаланады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер вице-министрі Мұрат Баймұқашев  Жамбыл өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты. 

Жамбыл облысындағы әскери қоймада тұтану фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 462-бабы (қару-жарақты, сондай-ақ айналадағылар үшін қауіп төндіретін заттар мен заттарды ұстау қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Төтенше жағдай кезінде уақытылы әрекет етудің нәтижесі оқиғаны бақылауда ұстауға мүмкіндік берді, - деді ол.
Баймұқашев айтқандай, әлеуметтік  желіде оқиғаға қатысты жалған ақпарат таратқандар қылмыстық кодекстің «Жалған ақпарат тарату» бабы бойынша жазаға тартылады.
Жалпы жұмыс бақылауда. Қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша жұмыс жалғастырылып жатыр, - дееді Мұрат Баймұқашев. 

Естеріңізге салсақ, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Қоймада инженерлік оқ-дәрілер сақталған.

Өзгелердің жаңалығы