Жамбылдағы жарылыс: Тағы бір адамның денесі табылды

<p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында жарылыс орнынан тағы бір адамның денесі табылды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. </p>

30 Тамыз 2021 2021, 19:05
АВТОР
 30 Тамыз 2021 2021, 19:05
30 Тамыз 2021 2021, 19:05
1322

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында жарылыс орнынан тағы бір адамның денесі табылды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қорғаныс министрлігінің саперлері оқиға орнынан тағы бір адамның денесін тапты. Оның жеке бас мәліметтері анықталып жатыр, - делінген хабарламада.

Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны он бес адамға жетті.

Қайтыс болғандар арасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері де бар.

Жоғалған бір адам іздестірілуде.

Наверх