Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев хабарлады. Оның айтуынша, жарылыс салдарынан 4 әскери қызметкер қайтыс болған.
Осы апатта өрт сөндіру барысында қаза тапқан 4 әскери қызметкердің отбасы мен жақындарына көңіл айтамын. Жарақат алғандарға тез арада жазылып шығуларын тілейміз, - деді Қорғаныс министрі.
Айта кететін жайт, қазіргі уақытта зардап шеккендерге Тараз қалалық және аудандық ауруханаларда көмек көрсетіліп жатыр.
Сондай-ақ ол Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрлерімен бірлесіп, тиісті шешімдер қабылданып жатқан көрінеді.
Еске сала кетейік, 26 тамыз күні сағат 19:00 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі инженерлік оқ-дәрілер сақталған қоймалардың бірінде өрт шыққан болатын.