Жамбылдағы түнгі жер сілкінісі видеоға түсіп қалды

Әлеуметтік желілерде Қазақстандағы түнгі жер сілкінісінің видеокадрлары жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 видеодан кадр 28 Наурыз 2025 2025, 09:12
28 Наурыз 2025 2025, 09:12
3012
Фото: видеодан кадр

Әлеуметтік желілерде Қазақстандағы түнгі жер сілкінісінің видеокадрлары жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Видеода Жамбыл облысы Меркі ауылындағы жер сілкінісі кезінде болған дүмпулер мен оның салдары көрінеді. Сейсмологтардың мәліметінше, бұл ауылда жер сілкінісі ең қатты сезілген.

Еске салсақ, өткен түнде сағат 3-тен 46 минут кеткенде Жамбыл облысының кей жерлерінде жер сілкінісі болды. Әзірге ресми мәлімет берілмеді. Дегенмен жергілікті әлеуметтік желі қолданушылары бір-бірін сабырға шақырып, пікір білдіріп жатты.

Наверх