Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаскөйлер қаруды зираттың ішіне жасырған. Бір автомат, 9 мм калибрлі травматикалық револьвер, 1 граната, 60-қа жуық оқ-дәрі анықталып, тәркіленді, деп хабарлайды Рolisia.kz.
Қазіргі таңда сот-баллистикалық сараптамалар тағайындалды.
Айта кетейік, жергілікті тәртіп сақшылары қару, оқ-дәрілердің орналасқан жері туралы хабарлаған немесе өз еркімен тапсырған адамды жауапкершілікке тартпайтынын еске салады. Сонымен қатар анонимділікке кепілдік беріледі.