Құны 4 млрд теңге болатын кешенді «Алель Агро» АҚ салды. Инкубаторды іске қосу компанияның өңірдегі құс шаруашылығын дамыту жөніндегі ауқымды бағдарламасының бір бөлігі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқи отырыңыз:
2022 жылы «Алель Агро» құс фабрикасы, 2023 жылы қуаттылығы жылына 96 мың тонна құрама жем өндіретін зауыт ашылды.
Айта кетейік, Жамбыл облысында 5 ірі құс шаруашылығы кәсіпорны жұмыс істейді.

«Әулие-ата Феникс», «Алель-Агро», «Қордай құс» және «БМ Агропродукт» ЖШС құс етін, ал «Аса-Даму» ЖШС жұмыртқа өндірумен айналысады.
Жыл басынан бері өңірде 12,8 мың тонна құс еті өндірілді, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2% -ға артық.
Жұмыртқа өндірісінің өсімі 3,0% -ды немесе 89,5 млн жұмыртқаны құрады. 475,9 тонна құс еті экспортталды.