Жамбылда жоқ алқапқа субсидия алған алаяқтардың істері тергелуде

15 Мамыр 2023, 16:01
920
Бөлісу:
Жамбылда жоқ алқапқа субсидия алған алаяқтардың істері тергелуде
Фото: BAQ.KZ

Жамбылда мемлекеттен 800 млн теңгеден астам сомаға субсидия алған азаматтар 4 қылмыстық іс бойынша тергелуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шаруа қожалықтарының реквизиттері мен құжаттарын пайдалана отырып, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді орындамай, шот-фактуралар жазып берген бірқатар тұлғаларға қатысты қылмыстық істі ҚМА Жамбыл облысы бойынша Департаменті тергеуде. 

Жалған шот-фактуралар субсидияланатын таңқурай түрлерін жеткізуге жазылып, кейін шаруа қожалықтарының атынан субсидиялар алуға электронды өтінімдер берілген. 

Тексерулер нәтижесінде фермерлерде таңқурай егістік алқаптары жоқ болып шықты. Аталған азаматтар мемлекеттен 800 млн теңгеден астам сомаға субсидия алған. 

Алаяқтық фактілері бойынша 4 қылмыстық іс тіркелген. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабына және ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабына сәйкес адам қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп есептеледі, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы