Жамбыл облысында жолда адасқан адамдар құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметіне сәйкес құтқарылғандардың арасында жүкті әйел мен балалар да бар.
14 наурыз түнде сағат 01.50-де 4 адам, оның ішінде екі бала мен жүкті әйел жеңіл автокөлікпен Түркістан облысынан Жаңатас қаласына бара жатқан жерінде адасып, балшықта қалып қойды. Құтқарушылар 5 км жаяу жүріп, 4 жолаушысы бар 1 жеңіл автокөлікті балшықтан шығарып алды, - делінген хабарламада.