Жамбыл облысында түрмеге сәлемдеме әкелген адамнан үш телефон мен sim-карта тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ер адам түрмеге 500 мл қаймақ пен картоп қуырып әкелген. Мекеме қызметкерлері сәлемдемені тексере келе қаймақтың ішінен 3 ұялы телефон және sim-карта тапқан.
А. есімді азаматқа Әкімшілік кодекстің 481 бабы 1 тармағы бойынша хаттама толтырылып, сотқа жөнелтілді, - деп хабарлайды Жамбыл облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.