Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жамбылда прокуратура араласқаннан кейін 50 науқасқа мүгедектік рәсімделді

Бүгiн, 17:57
62
Бөлісу:
 freepik.com
Фото: freepik.com

Жамбыл облысында прокурорлардың араласуынан кейін 50-ге жуық онкологиялық науқасқа мүгедектік статусы берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тараз қаласының прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманың сақталуына талдау жүргізді.

Талдаумен 2020 жылдан 2025 жылдың шілдесіне дейін Жамбыл облыстық көп бейінді онкология және хирургия орталығында III және IV сатыдағы ауру бойынша есепте тұрған 49 қала тұрғынының құқықтары бұзылғаны анықталды.

Атап айтқанда, онкологиямен ауыратын науқастар мүгедектік тобын анықтау үшін медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберілмеген, бұл олардың мүгедектік ресімдеу және тиісті мемлекеттік әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар алу мүмкіндігінен айырған.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша 49 адам медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберіліп, нәтижесінде ағымдағы жылдың қазан айынан бастап оларға I-ден III топқа дейін мүгедектік тағайындалып, кейіннен мемлекеттік қолдау алуға мүмкіндік берілді.

Жол берілген заңбұзушылықтар үшін 5 дәрігерлік-консультациялық комиссия төрағасы түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Өзгелердің жаңалығы