Жамбылда кафе әкімшісі жеңгетайлықпен айналысқан

25 Қыркүйек 2023, 16:29
742
Бөлісу:
Жамбылда кафе әкімшісі жеңгетайлықпен айналысқан
Фото: Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Жамбыл облысында 50 жастағы әйел притон мен жеңгетайлықты ұйымдастырғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Stop traffic" жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде Жамбыл облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел ақпаратты іске асыру кезінде клиенттерге ақша үшін қыздардың интимдік қызметтерін ұсынған кафелерді анықтады.

Заңсыз қызметті ұйымдастыруда ойын-сауық мекемесінің әкімшісі күдікті ретінде ұсталды. 50 жастағы әйелге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігі "Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған адам өз кінәсін толығымен мойындады, қазіргі уақытта келу туралы міндеттемемен босатылды, - деп мәлім етті ПД өкілі.

Айта кетейік, притон анықталған жерден қолма-қол ақша және ұялы телефон түріндегі заттай дәлелдемелер алынды.

Өзгелердің жаңалығы