Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл 20 қазаннан бастап Жамбыл облысының аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзу әрекеттерін анықтау және жолын кесуге бағытталған «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы бастау алды.
Рейдтік шараның алғашқы жиырма күндігінің өзінде 118 заңсыз аң аулау фактісі анықталып отыр.
Тарқата айтсақ, 27 балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзу, 82 жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау ережелерін бұзу және 9 тіркелмеген жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иемденгені, бергені, өткізгені, сақтағаны, алып жүргені және тасымалдаған деректері тіркелген.
Осылайша, алғашқы жиырма күндегі көрсеткіш жаға ұстатып тұр. Рейдтік шаралар әлі жалғасуда.