Жамбыл облысында 2 мыңнан астам адам ауруханада жатыр

12 Тамыз 2021, 13:25
1963
Бөлісу:
Жамбыл облысында 2 мыңнан астам адам ауруханада жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жамбыл облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бағлан Қыдырбаев ӨКҚ алаңында айтты.

Бүгінгі таңда Жамбыл облысы бойынша 2259 науқас ауруханаға жатқызылды. Аймақта ауруханалардың төсек-орынмен қамтылуы 63%-ды құрады. Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қалалары мен аудандарында байқалады. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мониторингтік топтардың мүшелері бұзушылықтары бар 836 объектіні анықтады. Нысандардың барлық басшыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, ескертулер берілді. Тексеру материалдары мен мониторингтік топтар санитарлық-эпидемиологиялық қызметке берген материалдар негізінде 83 млн теңгеден астам сомаға 705 айыппұл салынды, - деді Бағлан Жарылқасынұлы.

Ол атағандай, бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысында 71 кәсіпкерлік объектілерінде карантиндік шараларды қасақана бұзу фактілері анықталған.

Тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 59 миллион теңгеден асатын айыппұл салумен 262 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Негізгі құқық бұзушы нысандардың сандық статистикасы да белгілі. Олардың қатарында 64 қоғамдық тамақтану субъектілері яғни, мейрамханалар, кафелер, банкет залдары, кафе-барлар бар. Сондай-ақ 3 компьютерлік клуб, 2 сауда объектісі, 1 лото клубы, 1 балалар ойын-сауық орталығы да тізімде бар, - деді Бағлан Қыдырбаев.

Өзгелердің жаңалығы