Жамбылда 2 келі есірткі заты тәркіленді

27 Мамыр 2021, 17:20
3469
Бөлісу:
Жамбылда 2 келі есірткі заты тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында ер адамнан екі келі есірткі заты тәркіленді, деп хабарлады Polisia.kz.

2 мамырда Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шу ауданының құмға жақын аймағында Шу қаласының 47 жастағы тұрғынын ұстады. Ер адамнан қара полиэтилен пакетке салынған салмағы екі келі кептірілген марихуана есірткі заты табылып, тәркіленді.

Ұсталған ер адам кінәсін мойындап, Шу қаласының Уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған қылмысқа қатысты үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, – деп сөзін түйіндеді Жамбыл облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.





Өзгелердің жаңалығы