Жамбыл тұрғынынан 35 келіден астам кептірілген марихуана тәркіленді

15 Қазан 2024, 21:14
324
Бөлісу:
Жамбыл тұрғынынан 35 келіден астам кептірілген марихуана тәркіленді
Фото: Polisia.kz

Көлік полицейлері есірткі заттарын өткізіп, тасымалдаған Жамбыл облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

4 қазанда көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері “Қарасора – 2024” жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында Жамбыл облысының “Аспара” станциясы өткелінде 28 жастағы облыс тұрғынын анықтап, ұстады.

Одан салмағы 19 келіден асатын кептірілген марихуана табылып, тәркіленді.

Сондай-ақ тексеру барысында ұсталған азаматтың тұрғылықты жерінен салмағы 16 келіден асатын кептірілген марихуана салынған қап алынды. Тәркіленген есірткі затының жалпы салмағы 35 келіден асады.

Қазір бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.

Еске сала кетейік, көлік полицейлері есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу бойынша кешенді жұмыстар жүргізіп жатыр.

Осы жылдың 9 айында 303 есірткі қылмысы анықталды, оның 28-і өткізу болса, 9-ы контрабанда фактісі.

Заңсыз айналымнан 167 келі түрлі есірткі заттары тәркіленді.

Өзгелердің жаңалығы