Жамбыл облысының тұрғыны үйінде 60 келіге жуық есірткі сақтаған

17 Ақпан 2022, 22:47
1588
Бөлісу:
Жамбыл облысының тұрғыны үйінде 60 келіге жуық есірткі сақтаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 16 ақпанда Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шу ауданының 48 жастағы тұрғынын ұстады. 

Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Күдіктінің үйінің аумағына тінту жүргізу кезінде ауладағы сейфтен ішінде өзіне тән өткір иісті ұсақталған өсімдік тәріздес заты бар қап пен үш полиэтилен пакет алынды. Сондай-ақ, орылған шөптің арасынан каннабисті ұсақтайтын елек табылды. 

«Сот-химиялық сараптама нәтижелеріне сәйкес, тәркіленген есірткі заттары - салмағы 16 келі 190 грамм «гашиш» және 39 келі 870 грамды құрайтын «марихуана» болды. 

Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Оған қатысты есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтағаны үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, - деп хабарлады Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұржан Рахметуллаев.

Өзгелердің жаңалығы