Жамбыл облысының тұрғыны марихуананы аса ірі көлемде сақтағаны үшін құрықталды

30 Желтоқсан 2024, 13:02
283
Бөлісу:
Жамбыл облысының тұрғыны марихуананы аса ірі көлемде сақтағаны үшін құрықталды
Фото: Жамбыл облысының прокуратурасы

Жамбыл облысының прокуратурасы құқық қорғау органдарымен бірлесіп есірткі қылмысының алдын алу және онымен күресу жұмыстарын күшейтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Байзақ ауданы прокуратурасының үйлестіруімен Жамбыл облысы ПД-нің Есірткі қылмысымен күрес басқармасы ауданның 51 жастағы тұрғынын аса ірі мөлшерде есірткі сақтады деген күдікпен ұстады.

Жамбыл облысының тұрғыны марихуананы аса ірі көлемде сақтағаны үшін құрықталды

Күдіктінің үйін тінту кезінде салмағы 15 келіден асатын марихуана табылып, тәркіленді. Соттың санкциясымен ҚК-тің 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен (аса ірі мөлшерде сату мақсатында есірткі заттарын сақтау) күдікті тұлғаға "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы қолданылды, - делінген Жамбыл облысының прокуратурасы таратқан ақпаратта.

12.12.2024 жылы аудан прокуратурасы қылмыстық іс бойынша айыптау актісін жасап, істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберді.

Өзгелердің жаңалығы