Жамбыл облысының әкімі тағайындалды

5 Қыркүйек 2023, 11:34
1221
Бөлісу:
Жамбыл облысының әкімі тағайындалды
Фото: Үкімет

Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

Ербол Қарашөкеев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Қазіргі заманғы гуманитарлық институтты тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі — экономист, бакалавр академиялық дәрежесімен менеджмент саласындағы маман, экономика магистрі, заңтану бакалавры.

Еңбек жолын 1998 жылы Статистика агенттігі талдау және конъюнктуралық зерттеулер басқармасының бас маманы болып бастаған.

  • 1999-2001 жылдары — Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің консультанты.
  • 2001 жылдан бастап 2003 жылға дейін коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.
  • 2003-2006 жылдары – "Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" АҚ Қаржы департаментінің директорының м.а., директоры – басқарма мүшесі.
  • 2006-2007 жылдары Қаржы министрлігінің жиынтық-талдау департаментінде жұмыс істеді. 2007 жылғы қаңтар-шілде аралығында "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарушы директоры болып жұмыс істеді.
  • 2007-2009 жылдары — "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі.
  • 2010-2012 жылдары — Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің "Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығы" РМК директоры.
  • 2012-2013 жылдары — "ҚБТУ мұнай-газ инжинирингі және ақпараттық технологиялар институты" ЖШС бас директоры. 2013-2016 жылдары — "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
  • 2016-2019 жылдары — Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
  • 2019 жылғы қаңтар-сәуір аралығында — Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы.
  • 2019 жылғы сәуірден 2021 жылғы наурызға дейін — "ҚазАгро" холдингі" АҚ басқарма төрағасы.
  • 2021 жылғы сәуір-шілде аралығында – Қаржы вице-министрі.
  • 2021 жылғы шілде айынан бастап – Ауыл шаруашылығы вице-министрі болды
Өзгелердің жаңалығы