Жамбыл облысының 5 ауданына трансшекаралық өзендер арқылы суармалы су берілді

Кеше, 20:44
124
Бөлісу:
Жамбыл облысының 5 ауданына трансшекаралық өзендер арқылы суармалы су берілді
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Биыл суару кезеңінде Жамбыл облысының 5 ауданына трансшекаралық Шу және Талас өзендері арқылы суармалы су берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл Қордай, Меркі, Байзақ, Жамбыл және Талас аудандары. Еске салсақ, 26 сәуірде Бішкек қаласында Шу және Талас өзендерінде мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану жөніндегі Қазақстан мен Қырғыз Республикалары комиссиясының 33-ші отырысы өтті.

Отырыс шеңберінде 2024 жылғы суару кезеңіне арналған Шу және Талас өзендерінің мемлекетаралық көздері бойынша су алу кестесі бекітілді.

Нәтижесінде, Талас өзені арқылы Қазақстанға болжанған 380 млн текше метр судың орнына іс жүзінде 418 млн текше метр су келді.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 94,2 млн текше метрге артық.

Шу өзенімен бекітілген кестеге сәйкес 165,3 млн текше метр су алынды, бұл былтырмен салыстырғанда 29,7 млн текше метрге көп.

Биыл суару кезеңінде Жамбыл облысының шаруалары сұраныстарына сай суармалы сумен толық көлемде қамтамасыз етілді. Атап айтқанда, 90,1 мың га егіс алқабын суаруға 533,3 млн текше метр су берілді,- деді Жамбыл облысы бойынша "Қазсушар" филиалы директоры Қайрат Аманов.

Өзгелердің жаңалығы