Жамбыл облысындағы стансада екі локомотив соқтығысты

Оқиға маневрлік жұмыстар кезінде болған

 istockphoto.com Бүгiн 2026, 08:39
Бүгiн 2026, 08:39
137
Фото: istockphoto.com

Әлеуметтік желілерде Жамбыл облысындағы Жаңатас теміржол стансасында болған ірі оқиға туралы ақпарат тараған еді. Мәліметке сәйкес, локомотивтер бетпе-бет соқтығысып қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тараған ақпаратта стансадан шығып бара жатқан екі секциялы магистральдық 2ТЭ10М тепловозы "ҚТЖ"-ның маневрлік тепловозымен соқтығысқаны айтылған. Маневрлік локомотив бес жүк вагонын, яғни дизель отыны тиелген цистерналарды әкеле келе жатқан.

Оқиғаның ресми нұсқасын "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады. Компанияның мәліметінше, бұл жағдай маневрлік жұмыстар кезінде болған.

5 наурызда Жамбыл облысындағы Жаңатас стансасында маневрлік жұмыс барысында «Жаңатас Су-Жылу» КМК-ның кірме жолына мазут тиелген бес вагонды беру кезінде Жамбыл локомотив депосының маневрлік локомотив машинисі «КАП Логистик» ЖШС-нің жеке кірме жолындағы локомотивпен қатты соқтығысуға жол берген. Қаза тапқандар жоқ, – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Компания мәліметінше, оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген.

Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр. Барлық мән-жайды анықтау үшін Жаңатас стансасына арнайы комиссия жіберілді.

Наверх