Жамбыл облысында жыл басынан бері 3 ана өлімі тіркелді

2 Мамыр 2021, 07:48
1385
Бөлісу:
Жамбыл облысында жыл басынан бері 3 ана өлімі тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында жыл басынан бері 3 ана өлімі тіркелген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Хамит Мырзақасымов мәлімдеді.

Биыл Жамбыл облысында медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға 2,477 млрд қаражат бөлінді. Оған емдеу-алдын алу ұйымдарына 120 дана медициналық құрал-жабдық алу жоспарланған.

Ол брифингте «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалуы бойынша түрлі бағыттарға тоқталып өтті.

Осыған байланысты медициналық жабдықтар алу бағдарламадағы 70-бағытқа жатады. Жалпы, Жол картасында денсаулық сақтау саласына қатысты 12 тармақ бар.

Жол картасы бойынша жұмыстарға тоқталар болсам, бүгінде Тараз қаласында 200 төсек-орындық облыстық онкологиялық диспансер салынуда. Оның құрылысы 2018 жылдың қараша айында басталған. Сондай-ақ облыс бойынша жалпы өлім-жітім көрсеткішін төмендету, нәресте өлім көрсеткішін азайту бойынша атқарылатын жұмыстарға арналған тармақтар бар. Жалпы, ағымдағы жылдың 1 тоқсанында өңірде 3 ана өлімі тіркеліп, көрсеткіш 45,0-ді құрады, –деді Хамит Мырзақасымов.

Өзгелердің жаңалығы