Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысындағы Мирный ауылына жақын маңда жел электр станциясы салынады. «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «TotalEnergies» компаниясы келісімге қол қойды.
Құжат энергияны жинақтау жүйесін пайдалана отырып, жалпы қуаты 1ГВт жел электр станцияларын дамытуға, қаржыландыруға, салуға және пайдалануға бағытталған, - делінген энергетика министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Нысан Жамбыл облысындағы Мирный ауылына жақын орналасатыны хабарланды.
Жобаның құрылысы кезең-кезеңмен жүргізіледі, ол 2024 жылдан 2026 жылға дейінгі кезеңде толық аяқталады деп жоспарланып отыр.