Жамбыл облысының білім саласында жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді

12 Қаңтар 2021, 12:15
1777
Бөлісу:
Жамбыл облысының білім саласында жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесе білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Білім саласының қылмыстық істер статистикасына жүгінетін болсақ, соңғы 2 жылда білім саласында жалпы 34 қылмыстық іс-тіркелген. Жүргізілген мониторинг жұмыстарымен мектептердегі ваканттық орындарға қызметкерлерді қабылдау тәртібінің сақталуы қамтылған. 

Соңғы 6 айда Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінен алынған ақпаратқа сәйкес, әр-түрлі санаттағы 783 қызметкерлер қала мектептеріне жұмысқа қабылданған. Мектепке бос ваканттық орынға қызметкер алу алдында міндетті түрде ваканттық орын туралы хабарландыру беру қажет. Алайда жүргізілген мониторинг жұмыстары аталған кағиданың тұрақты түрде ұсталмайтындығын көрсетті. Мәселен, № 3 лицейі сонғы жарты жылда барлығы 29 адамды жұмысқа қабылдаған (22 мұғалім, 6 техникалық қызметшілер және 1 есепші) алайда аталған лицей ешқандай орын бойынша хабарландыру бермеген. № 13 Мектеп 3 мұғалімді хабарландырусыз жұмысқа алған. № 18 Мектеп 2 мұғалімді, 2 есепшіні хабарландырусыз жұмысқа алған. № 19 мектеп есепшіні хабарландырусыз жұмысқа алған. № 21 мектеп бастауыш сынып мұғалімін хабарландырусыз жұмысқа алған, - делінген ақпаратта.

Жоғарыда аталған фактілер сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, себебі алдын ала хабарландыру бермей қызметкерді жұмысқа алу мүдделер қақтығысының туындауына себеп болады.

Өзгелердің жаңалығы