Жамбыл облысында пробация қызметінің есебінде тұрғандар тексерілді

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың 4-желтоқсанынан бастап облыс аумағында «Есепте тұрған»&nbsp;профилактикалық іс-шарасы өтуде.&nbsp;</h4> <br> <br>

 7 Желтоқсан 2020 2020, 20:30
7 Желтоқсан 2020 2020, 20:30
1910

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың 4-желтоқсанынан бастап облыс аумағында «Есепте тұрған» профилактикалық іс-шарасы өтуде. 

14 желтоқсанға дейін жалғасатын шараны өңірлік ҚАЖ департаментінің пробация қызметі мен Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі бірлесіп атқарады.

Шараның басты мақсаты - пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға тиісті емес сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың және қылмыстың алдын алу, - деп хабарлады Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған іс-шара аясында пробация қызметінің қызметкерлері мен учаскелік полиция қызметкерлері пробация қызметінің есебінде тіркеуде тұрған сотталғандардың мекен-жайларына тексеру жүргізіп, жаза өтеуден жалтарып жүргендерді іздестіріп табу жұмыстарын атқаратын болады.


Наверх