Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жамбыл облысында құтқарушылар жолда жүкті әйелді босандырып алды

1 Тамыз 2025, 14:22
1166
Бөлісу:
 ТЖД
Фото: ТЖД

Жамбыл облысында құтқарушылар жолда жүкті әйелді босандырып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мойынқұм аудандық орталық ауруханасына бара жатқан жолда жүкті әйел толғатып, кенеттен босана бастады. 

Пациент алдын ала жеке автокөлікпен ТЖМ "Шығанақ" трассалық медициналық-құтқару пунктіне жеткізілді, ол жерден Апаттар медицинасы орталығының медициналық бригадасының сүйемелдеуімен орталық аудандық ауруханаға жіберілді. 

Әйел реанимациялық машинада босанды. Құтқарушылар жолда барлық қажетті көмекті көрсетіп, аман-есен дүниеге ұл бала келді. Анасы мен жаңа туған сәбидің жағдайы қанағаттанарлық. Екеуі де Мойынқұм орталық ауруханасына жатқызылды. 

Жамбыл облысында құтқарушылар жолда жүкті әйелді босандырып алды

Медициналық топтың жедел әрекеттері мен кәсібилігінің арқасында әйел жолда еш қиындықсыз босанды.

Еске салсақ, жуырда Алматыда да полиция қызметкерлері жолда толғағы басталып кеткен әйелге шұғыл көмек көрсетіп, босандырып алған болатын.

Өзгелердің жаңалығы