Жамбыл облысында қатты жел соғып, бұршақ жауады

14 Маусым 2019, 12:07
2095
Бөлісу:
Жамбыл облысында қатты жел соғып, бұршақ жауады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Жамбыл облысы мен Тараз қаласында дауылды ескерту жариялады.

"15 маусымда Жамбыл облысының кей жерінде оңтүстік-батыс, батыстан 15-20 м/с жел соғады, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Кей жерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі.

Тараз қаласында 15 маусымда күндіз оңтүстік-батыс, батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады, уақытта 23 м/с күтіледі. 15 маусымда тәулік бойы кей уақытта найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі", - делінген синоптиктер таратқан хабарламада.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 85-90%.

Өзгелердің жаңалығы