Жамбыл облысында полицей өз-өзіне қол жұмсады

Бүгiн, 11:31
352
Бөлісу:
Жамбыл облысында полицей өз-өзіне қол жұмсады
Фото: BAQ.KZ архив

Оқиға Тараз қаласынан 5 шақырым жерде орналасқан Жасөркен ауылында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ztb.kz мәліметінше, 22 жастағы Мамандандырылған күзет қызметін басқармасының полиция сержанты қызметтік ПМ тапаншасынан өзін-өзі атып, қаза тапты.

"Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеудің толық, объективті және жан-жақты жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы