Жамбыл облысында оғаш әрекетке барған ер адам ұсталды

Жамбыл облысында жалаңаш ер адам көшеде жүрген

 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 12:08
Бүгiн 2026, 12:08
512
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Жамбыл облысында жалаңаш ер адам көшеде жүрген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Желіде күндізгі уақытта жолдың бойында жалаңаш тұрып, қоғамдық тәртіпті бұзған ер адамның бейнежазбасы тарады.

Құқық бұзушының жеке басы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Оған қатысты «Қоғамдық орында мас күйінде пайда болу» және «Ұсақ бұзақылық» баптары бойынша әкімшілік іс қозғалды. Құқық бұзушылық қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу және айналадағыларға айқын құрметсіздік таныту арқылы көрініс тапқан, - деп хабарлады Жамбыл облысының ПД баспасөз қызметі.

Іс материалдары сотқа жолданды.

Еске салайық, бұған дейін Астанада көшеде тыр жалаңаш жүрген азамат 15 тәулікке қамалған болатын. 

Наверх