Жамбыл облысында мектеп оқушысы қайтыс болды

Жамбыл облысында мектеп оқушысы көшедегі әжетханада қайтыс болды. Қайғылы оқиға Байзақ ауданы Құмжота ауылындағы мектепте орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 архив 3 Мамыр 2024 2024, 04:41
3 Мамыр 2024 2024, 04:41
5631
Фото: архив

Жамбыл облысында мектеп оқушысы көшедегі әжетханада қайтыс болды. Қайғылы оқиға Байзақ ауданы Құмжота ауылындағы мектепте орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқушының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Күдікті – кәмелетке толмаған бала уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сондай-ақ мектеп басшылығы мен оқытушы құрамға қатысты балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жариялануға жатпайды, - делінген полиция хабарламасында.

Наверх