Жамбыл облысында KAZIND-2023 оқу-жаттығуы аяқталды

13 Қараша 2023, 21:11
515
Бөлісу:
Жамбыл облысында KAZIND-2023 оқу-жаттығуы аяқталды
Фото: Қорғаныс министрлігі

Халықаралық Қазақстан-Үндістан оқу-жаттығуларының жабылу салтанатына Үндістанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Нагендра Прасад қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің "Мәтібұлақ" полигонында Қазақстан мен Үндістанның терроризмге қарсы бірлескен Kazind-2023 оқу-жаттығуларының соңғы кезеңі өтті.

Екі елдің әскери қызметшілері заңсыз қарулы құралымның содырлардан тұратын шартты топтарын басып алу мен жою жөнінде бірлескен операциялар жүргізді.

Оқу-жаттығудың соңғы кезеңінің алдында бірқатар нұсқаулық-әдістемелік сабақтар мен тренингтер өтті. Онда Қазақстан-Үндістан біріккен батальонының әскери қызметшілері бірлескен іс-қимылдардың элементтерін кезең-кезеңімен зерделеді.

Kazind-2023 терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығулары барысында Қазақстан мен Үндістанның әскери қызметшілері тағы бір рет жауынгерлік үйлесімнің жоғары нәтижесін көрсете білді.

Өзгелердің жаңалығы