Жамбыл облысында картоп өсіру ісі жаңа деңгейге көтерілуде

20 Тамыз 2020, 17:36
2431
Бөлісу:
Жамбыл облысында картоп өсіру ісі жаңа деңгейге көтерілуде
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19 тамыз күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жергілікті фермерлерге жаңа ауылшаруашылық техникаларын табыстады. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жақында Жуалы ауданының аграршылары облыс әкіміне картоп өсіруді дамытуға көмектесу туралы өтінішпен жүгінген болатын. Ұзақ уақыттан бері картоп өсірумен айналысып келе ауданның шаруалары өнім көлемін едәуір арттыру үшін ауылшаруашылық техникаларымен және сапалы тұқымдармен қамтамасыз етуге қол ұшын беруді сұраған болатын.

Бірінші кезекте тұқымға назар аудару керек. Егер сапалы тұқым болмаса, жақсы егін жиналмайды. Екіншіден, техниканың маңыздылығын айтпасақ та түсінікті. Қуатты және заманауи технологияларсыз ауыл шаруашылығымен толықтай айналысу мүмкін емес. Сондықтан біз картоп өсірушілерге алдағы уақытта сапалы жаңа деңгейге көтерілуге көмектесетін бірқатар жобаларды әзірледік, - деді Бердібек Сапарбаев фермерлермен кездесуде. 

WhatsApp Image 2020-08-20 at 09.48.33.jpeg

Бүгінгі таңда өңірде 18,8 мың дана ауылшаруашылық техникасы бар, оның 267-сі картоп өсіруге арналған техника десек, олардың басым бөлігі ескірген. Аймақ басшысы Жамбыл облысында ауылшаруашылық техникаларын өндіруді тезірек жолға қою керектігіне көңіл бөлді. Ең болмағанда қарапайым құрал-жабдықтарды шығарудан бастау керек. 

WhatsApp Image 2020-08-20 at 09.48.32(1).jpeg

Бүгінде "Тараз" ӘКК АҚ Жуалы фермерлерін заманауи техникалармен қамтамасыз ету үшін "АгромашХолдинг KZ" АҚ-мен ынтымақтастыққа қол жеткізді. Жақында 13 шаруа қожалығы 216 миллион теңгеге 50 бірлік техника сатып алуға лизингке өтінім берген болатын. Лизинг мерзімі – бес жыл. Бірінші жылы шаруа қожалықтарына демалыс беріледі. Осылайша аталған қаржыға 15 lovol тракторы, тырмалар, соқалар, картоп қазғыштар, культиваторлар және отандық және шетелдік өндірістің басқа да техникасы сатып алынды. 

WhatsApp Image 2020-08-20 at 09.48.30.jpeg

Бұл жоба бойынша жұмыс бір ай бұрын басталды. Көптеген фермерлер оның тиімділігіне күмәнданып, бізбен жұмыс істеуге ынталары болмады. Ал, жоба іске қосылғаннан кейін бізге лизингке техника сатып алғысы келетін тағы 10 шаруа қожалығы жүгінді, - деді "Тараз" ӘКК АҚ төрағасы Олжас Қаржауов.  
«АгромашХолдинг KZ» АҚ-мен бірлескен жұмыстар мұнымен шектелмек емес. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес осы күзде өңірде Trade-in жүйесі іске қосылады деп күтілуде. Бұл автокөлік жүргізушілеріне жақсы таныс, ол бойынша белгілі бір соманы төлеп, ескі ауыл шаруашылығы техникасын жаңасына ауыстыруға мүмкіндік туады. 2020 жылы 100 бірлік техниканы, ал 2021 жылы 400-500 бірлік техниканы ауыстыру жоспарлануда. 

WhatsApp Image 2020-08-20 at 09.48.32.jpeg

Келесі маңызды жоба картоп тұқымымен байланысты. Жақын арада Жуалы картоп өсірушілері үшін 600 мың тонна голландиялық бірінші репродукциялы тұқым сатып алу жоспарлануда. Оған 300 миллион теңге бөлінді. Қазіргі таңда Жуалы ауданында негізінен тұқымның 3-4 репродукциясы қолданылады. Ал, голландиялық тұқымдар өте жоғары сапалы және жоғары өнімділікпен ерекшеленеді. Фермерлер жергілікті алқаптарда өсірілген өніммен төлем жасамақ. Сонымен қатар, «Тараз» ӘКК» АҚ фермерлерге өсірілген картопты сатуда көмектеседі. 

WhatsApp Image 2020-08-20 at 09.48.31.jpeg

Осы ауқымды жобаларды іске қоспас бұрын «Тараз» ӘКК» АҚ өкілдері дайындық жұмыстарын жан-жақты пысықтаған. Олар бүкіл елді картоппен қамтамасыз етіп отырған Қазақстанның солтүстік аймақтарының жетекші картоп өсірушілерімен кеңесіп, Павлодар, Қостанай, Ақмола облыстарының фермерлерімен кездесулер өткізген. 

WhatsApp Image 2020-08-20 at 09.48.29(1).jpeg

Айта кету керек, биыл облыста 11,2 мың гектар аумаққа картоп егілді, оның 25 пайызы немесе 2560 гектары Жуалы ауданына тиесілі. Бүгінгі таңда облыста төрт мың гектар алқаптан 121,3 мың тонна картоп жиналды. Жалпы алғанда, 270 мың тонна картоп жинау жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы