Жамбыл облысында газ кірмеген жалғыз аудан. Тұрғындар тілеуі орындала бастады

13 Қараша 2024, 18:21
366
Бөлісу:
Жамбыл облысында газ кірмеген жалғыз аудан. Тұрғындар тілеуі орындала бастады
Фото: Мойынқұм медиа орталығы

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында газ құбырларын жүргізу жұмыстары басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бірер жылда аудан аумағының 9 елді мекенінің (Айдарлы, Бірлік, Биназар, Назарбеков, Көкжелек, Күшаман, Жамбыл, Мойынқұм, Қылышбай) тұрғындары көгілдір отын жағу мүмкіндігіне ие болады.

Аудан әкімі Ермек Карентаевтың айтуынша, биыл үш ауылға газ құбырлары тартылады.

Мойынқұм ауданының 9 елді мекенін газдандыру жобасының 1 кезеңіне сәйкес Шу ауданы Қонаев ауылындағы Автоматты газ тарқату станциясынан (АГТС) Айдарлы, Бірлік және Биназар ауылдарына газ құбырларын тарту жұмыстары жүріп жатыр. Құбырлар үздіксіз жеткізіліп жатыр. Жыл соңына дейін мердігер - Asia Caspian Construction ЖШС 13 мың 600 метр құбыр жүргізу, жалғау және оны жер астына көму жұмыстарын жүргізеді. Авторлық қадағалаушы мен техникалық қадағалаушы компаниялар үнемі тексеру жұмыстарын жүргізіп отырады. Аудан әкімдігі тарапынан бұл жұмыстар қатаң бақылауда болады, - дейді Ермек Амангелдіұлы.

Айта кетейік, аталған жобаны республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін ҚР Энергетика министрлігіне 2024 жылға республикалық бюджетке 18,5 миллиард теңгеге өтінім ұсынылып, құрылыс жұмыстарын бастау үшін республикалық бюджеттен 2024 жылға 600 миллион теңге қаралды, "Самрұқ-Қазына" АҚ дивиденді есебінен қосымша 2 миллиард теңге бөлінген.

Өзгелердің жаңалығы