Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Он жеті жастағы жігіт дауыл кезінде үйдің төбесінен құлап, оқиға орнында қайтыс болған. Бұл туралы Жамбыл облысының Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Оқи отырыңыз:
Еске сала кетейік, өткен сәрсенбіде Жамбыл облысында қатты дауыл болды. Желдің екпіні секундына 38 метрге жетті. Бүгінде облыста медициналық көмекке 53 адам жүгінген. Қалалық көпсалалы ауруханаға 43 адам жүгінсе, стационарға төрт адам жатқызылған.
Байзақ аудандық ауруханасына алты адам хабарласып, бір науқас ауруханаға жатқызылған.
Жамбыл көпсалалы балалар ауруханасына төрт бала түскен, олардың үшеуі ауруханаға жатқызылды.