Жамбыл облысында боранда 35 адам құтқарылды

Кеше, 02:17
342
Бөлісу:
Жамбыл облысында боранда 35 адам құтқарылды
VIDEO
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Адам өмірін құтқару мәселесінде ТЖМ құтқарушыларына ауа райы кедергі бола алмайды, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Жамбыл облысында осы аптада болған қатты боран кезінде Жуалы ауданының құтқарушылары өз міндеттерін одан әрі белсенді атқарды. Сол күндері құтқарушылардың көмегімен 35 адам, оның ішінде 5 бала және 1 жүкті әйел құтқарылды.

№7 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушілері Нұрахмет Оразбаев, Досмұханбет Нуралиев және ТЖБ аға анықтаушысы Бахтияр Мағыртай шынжыр табанды тягачпен боранға қарамастан авариялық-құтқару жұмыстарын сәтті жүргізді, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Павлодарда құтқарушылар жарылыстың алдын алғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы