Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Әділхан Әшірбаев AntikorLive жобасы аясындағы брифингте айтты.
Ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығы бөлімінің басшысы сыбайластармен алдын ала сөз байласып, нақты мал басын сатып алмағанына қарамастан, 15 млн теңгеге жуық мемлекет қаржысынан заңсыз субсидия алғаны үшін ұсталды. Оның ісі сотқа жолданды. Жамбыл облысында осы сынды жұмыстар кеңінен жүзеге асырылып жатыр, - деді ол.
Әшірбаев атағандай, облыстық департамент сыбайлас жемқорлықты жүйелі жою бойынша жұмыс істейді.
Азаматтарға ашық қызмет көрсету мақсатында 240 мемлекеттік орган мен мекеме басшыларының кеңселері «опен спейс» форматына көшті. Бұл өзгерістер мемлекеттік органдардың қызметін ашық әрі айқын ете түсуге мүмкіндік береді, - деді Әшірбаев.
Оның айтуынша, алдын ала іздестіру шараларымен қатар, тергеу амалдары да жүзеге асырылады.
Жасалған қылмыс болса, азаматтар Қылмыстық кодекске сәйкес жазасын алады. Биыл департамент 42 қылмыстық істі тіркеген болса, оның 30-ы ауыр санаттағы қылмыс болып саналады, - деді департамент басшысы.