Жамбыл облысында балаларды қорғау бойынша II форум өтті

Бүгiн, 21:28
135
Бөлісу:
Жамбыл облысында балаларды қорғау бойынша II форум өтті
Фото: Бас прокуратура

Жамбыл облысында прокуратура мен облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен "Балалардың қауіпсіздігі – болашақ ұрпақтың кепілі!" тақырыбында балалар құқықтарын қорғау бойынша II форум өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Іс-шараға Қазақстан Республикасының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиева, мәслихат депутаттары, судьялар, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, мектеп директорлары және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты. 

Облыс прокуроры балалар арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтың 7,7%-ға (78-ден 72-ге дейін) төмендегеніне назар аударды және прокурорлар "Ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағы" тақырыбында жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша кездесулер ұйымдастырылғанын атап өтті. Аталған іс-шаралар аудандарда 80 000-нан астам бала тәрбиелеп отырған танымал спортшыларды, жаттықтырушыларды, ұлттық ойындар мен діни ұйымдар өкілдерін, дене шынықтыру мен әскери даярлық бойынша мұғалімдерін қоса алғанда, 1000-нан астам адамды қамтыды. 

Облыс әкімі "Бестерек", "Қауіпсіз балалық шақ" және "Саған көмек" жобаларының оң нәтижелерін атап өтті, бұл жобалар жасөспірімдер арасындағы жүйелі мәселелерді және балаларға қатысты зорлық-зомбылықты анықтауға септігін тигізді. "Саған көмек" жобасы бойынша 400-ден астам өтініш түсті, олардың нәтижесінде 49 оқушы профилактикалық есепке қойылды, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқыққа қайшы мінез-құлқының 115 фактісінің алдын алуға қол жеткізілді. 

Сонымен қатар, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлеріне қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы хабарламағаны үшін жауапкершілік күшейтілді. Динара Закиева кәмелетке толмағандарды қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға берді. Форум мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын үйлестіру және балаларға қатысты жағдайға тиімді әсер ету бойынша ұйымдастырушылық шаралар қабылдау үшін маңызды алаңға айналды. 

Форум қорытындысы бойынша балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілмен бірлескен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, әлеуметтік желілердегі жағымсыз контентті анықтау үшін "Аналитикалық интернет-карта" жобасы іске қосылды және аталған мәселелерді шешу бойынша басқа да ұсыныстар әзірленді. Жамбыл облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: 
 

Өзгелердің жаңалығы