Жамбыл облысында ауыл әкіміне қатысты іс қозғалды

25 Қазан 2021, 23:03
15508
Бөлісу:
Жамбыл облысында ауыл әкіміне қатысты іс қозғалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы бойынша монополияға қарсы департамент Жамбыл облысы Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылы әкіміне қатысты тергеп-тексеруді аяқтады. 

Оның қорытындысы бойынша Бауыржан Момышұлы ауылының әкіміне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 163-бабының 1-бөлігі бойынша 875 100 теңгені құрайтын 300 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынып, әкімшілік іс қозғалды.

Мемлекеттік сатып алу порталының мониторингі барысында анықталғандай, аталған коммуналдық мекеме "Жасыл-Жуалы" ШЖҚ КМК-мен жарғысында көзделмеген абаттандыру қызмет түріне шарт жасасқан. Бұл монополияға қарсы департамент хабарлама шығарған сәттен бастап 1 жыл ішінде қайталанған ұқсас  бұзушылық - делінген департамент хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы