Өткен жылы Жамбыл облыстық балалар ауруханасына хакерлік шабуыл жасалып, соның салдарынан оның есепшотынан 350 миллион теңге ұрланған болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл оқиғаға байланысты полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде аталған қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен бұрын сотталған 33 жастағы ер адам ұсталды.
Ұрланған 305 миллион теңге қаражат аурухана шотына қайтарылды. Қылмыстық істің материалдары қосымша тергеу жүргізу үшін Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.