Жамбыл облысында 9,5 млрд теңгеге дәрілік заттар сатып алынған

10 Қыркүйек 2021, 17:32
2974
Бөлісу:
Жамбыл облысында 9,5 млрд теңгеге дәрілік заттар сатып алынған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев хабарлады. Оның айтуынша, облыста дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдармен қамтылу деңгейі жеткілікті.

Жалпы облыс бойынша жалпы сомасы 9,5 млрд теңгеге дәрілік заттар жеткізілді. Оның ішінде, коронавирус инфекциясын емдеуге және алдын алуға арналған дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға 410 млн теңге жұмсалды. Жеке қорғаныс құралдары қорының жеткілікті болуы күнделікті кестеге сәйкес қамтамасыз етіліп отырады. Бүгінгі таңда 30 мыңнан астам костюм, 1 млн 300 мыңнан астам маска, 65 мың респиратор, 417 мың бірреттік қолғап және 6 мыңға жуық антисептик қоры бар, - деді облыс әкімнің орынбасары.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау басқармасына қарасты ауруханалардың реанимация бөлімшелері 87%-ға медициналық жабдықтармен деп атап өтті ол. Ал облыс бойынша материалдық-техникалық жарақтандырудың орташа көрсеткіші 85%-ға тең көрінеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында жыл басынан бері коронавирус инфекциясынан 200-ге жуық адам қайтыс болғандығы туралы жазған едік.

Өзгелердің жаңалығы