Жамбыл облысында 60 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Жамбылда жекенің қолына өткен 60 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап деп хабарлайды.

 25 Тамыз 2022 2022, 08:51
25 Тамыз 2022 2022, 08:51
1038

Жамбылда жекенің қолына өткен 60 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды.

Бұл туралы BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап деп хабарлайды.

Жайылымдық алқапты 49 жылға алған кәсіпкер учаскені мақсатқа сай пайдаланбаған.

Дәлірек айтсақ, 2006 жылдан бері «БН Экотехнология» мекемесі жерді алғанымен, мал басын тіркемей келіпті. Құзырлы органдар жайылымды  мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарды. Жердің құны 336 млн теңгеге бағаланды.

Наверх