Жамбыл облысында 43 мың гектардан аса учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

17 Шілде 2024, 08:45
431
Бөлісу:
Жамбыл облысында 43 мың гектардан аса учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото: gov.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Жамбыл облысында орналасқан 43 мыңнан астам пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Комитеттің хабарлауы бойынша, 2022 жылғы маусым айында аумақтық департаментімен облыстың жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бірінде жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесінде жалпы көлемі 43 746 га пайдаланылмайтын жер учаскелері анықталды.

Осыған байланысты, ҚР Жер кодексінің 92, 94 баптарына сәйкес 1 жыл мерзімге жер учаскесін пайдалану қажеттілігі туралы орындалуы міндетті нұсқама берілді. Алайда нұсқама орындалмағандықтан ағымдағы жылғы қаңтар айында Жамбыл облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына меншік иесінен (жер пайдаланушыдан) жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы талап арыз берілді.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 15 сәуірдегі шешімімен талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды. 2024 жылғы 16 шілдеде апелляциялық сатыдағы соттың қорытындысы бойынша аталған сот шешімі заңды күшіне енді. Осылайша, мемлекеттік жер қорына жалпы көлемі 43 746 га жайылымдық жерлері қайтарылды, - деп жазылған министрліктің хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы