Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толды. Мерейтойдың құрметіне ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен "30 жылдыққа 30 игі шара" науқаны аясында республика бойынша 30 000 түп тал егілмек.
Осындай игі дүниені кезекті жоспар етіп күнтәртібіне қойған діни басқарма даламыздың көркеюіне де өз үлестерін қосуда.
Аталған 30 мың талдың 3651 түбі Жамбыл облысында егілді. Өңірдің барлық аймақтарында шырша, терек, қарағай, жеміс ағаштары, раушан гүлдері отырғызылды.
Оның ішінде Тараз қаласында 180 түп, Шу қаласында 300 түп, Шу ауданында 400, Қордайда 511, Мойынқұмда 55, Жуалыда 250, Меркіде 280, Таласта 500, Сарысу ауданында 300, Т.Рысқұлов ауданында 100 түп болса, Байзақта 280, Жамбыл ауданында 495 түп дарақ егілді.
Осы игілікте мешіт қызметкерлері, имамдар, мешіт жамағаты бірлесе атсалысты.