Жамбыл облысында 24 мың литр алкоголь заңсыз айналымда болған

22 Сәуір 2021, 12:25
1922
Бөлісу:
Жамбыл облысында 24 мың литр алкоголь заңсыз айналымда болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің 2021 жылдың 1-ші тоқсанында атқарылған жұмыстары бойынша өткен брифингте Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Асхат Мүлкібеков айтты.

Акциз тауарларының заңсыз айналымын анықтау бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру барысында есептік кезеңде 24 мың литр алкоголь өнімі, 24,8 мың темекі қорабы анықталды. Осы материалдар бойынша әкімшілік сот органдарына жіберілді. Қарау нәтижелері бойынша 3,9 млн теңге айыппұл салынды, - деді ол.

Мүлкібеков айтқандай, Қазақстан аумағынан өткізу пункттерінен тауарларды заңсыз әкетудің 11 фактісінің жолы кесілді.

Есептік кезеңде тәуекелді автокөлік құралдарынан 1139 электронды пломбалар шешілген 641 тақырыптық-салықтық тексерулер жүргізілді. Ол бойынша 263 салық заңнамасын бұзу фактілері расталып, 17,5 млн теңге әкімшілік айыппұл салынды, - деді Мүлкібеков.

Оның айтуынша, жергілікті бюджет бойынша 2021 жылдың бірінші тоқсанының жоспары барлық ауданда орындалған.

Жамбыл облысы бойынша сыртқы сауда айналымы 174,5 млн долларды құрады. Жалпы салмағы – 266 540 тонна, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы