Жамбыл облысында 13 жастағы қыз алты жыл бойы ағаларынан зорлық көрген

17 Қазан 2024, 09:42
1872
Бөлісу:
Жамбыл облысында 13 жастағы қыз алты жыл бойы ағаларынан зорлық көрген
Фото: pixabay.com

Жамбыл облысында қызды жас кезінен ағалары зорлаған. Қыз бала бұл туралы мектептегі психологқа айтуға тырысқан, бірақ оның сөзін елемеген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева айтты.

Ол  қазір аймақтық балалар уәкілдерімен бірге алты жыл бойы ағалары тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшыраған 13 жастағы қыздың ісі бойынша жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Өңірлік уәкілмен бірге 6 жыл бойы екі туыс ағасынан зорлық-зомбылық көрген 13 жасар қыздың ісімен жұмыс істеп жатырмыз. Қылмыстық іс қозғалды, қыз анасымен бірге қауіпсіз жерге көшірілді. Қажетті көмектің барлығы көрсетіліп жатыр, - деп жазды Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

Оның айтуынша, облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен өткізілген көшпелі комиссия отырысының нәтижесінде аудан әкімінің орынбасары мен мектеп директорына қатысты шаралар қабылданған.

Қыз оқыған мектеп - ауылдағы жалғыз мектеп. Бала психолог жинаған сауалнамада белгі берген, бірақ онымен қажетті жұмыс жүргізілмеген. Лауазымды тұлғалардың немқұрайлығы үшін жауапқа тарту мақсатында прокуратураға жүгіндім, - деп жазды Динара Закиева.

Өзгелердің жаңалығы