Жамбыл облысында 100 мегаватт болатын жел электр станциясы салынып жатыр

16 Шілде 2023, 16:43
1194
Бөлісу:
Жамбыл облысында 100 мегаватт болатын жел электр станциясы салынып жатыр

Жамбыл облысының Сарысу ауданында қуаттылығы 100 мегаватт болатын жел электр станциясы салынып жатыр. Жаңартылған қуат көзін өндіретін нысан құрылысы 75 процентке аяқталған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоба құны 60 миллиард теңге. Станция келер жылы іске қосылуы тиіс. «Шоқпар» жел электр станциясы Жаңатас қаласынан 8 шақырым жерде салынып жатыр. Қазір құрылыс-монтаж жұмыстарына 200-ге жуық адам жұмылдырылған. 22 жел турбиналардың 10-ы орнатылып болды.

Біз орнатып жатқан электростанция құрылғылары еліміз бойынша ең алып нысан. Мысалы бағананың ұзындығы 102 метр болса, қанаттарының көлемі 76,5 метр. Сонымен қоса бұл турбиналардың өндіретін электр қуаты да жоғары. Бұған дейін «Жаңатас» станциясына 2,5 мегаваттық жел диірмендерін орнатқанбыз. Ал бұлардың қуаты 4,8 мегаватқа жетеді,– дейді жел электр станциясының менеджері Наурызбек Жұмағазин.

Хабар 24 арнасының хабарлауынша, жел электр станциясы жылына 350 миллион киловатт сағат электр энергиясын өндіреді. Бұл 50 мың абонентті жарықпен қамтуға жетеді. Айта кетелік жоба авторлары бұған дейін Жаңатас қаласының әлемуметтік салаларына 38 миллион теңге жұмсаған. Бұдан қалды Сарысу ауданына жабық футбол алаңын сыйға тартуды жоспарлайды.

5 айдың қорытындысымен 1,8 млдр киловатт сағатты құраса. Оның 321 млн киловатт сағаты осы жаңартылатын энергия көздерінің үлесі болып табылады. Іс-шара жоспарға сәйкес біз жалпы 2030-жылға дейін 3,2 геговатт деп отырмыз ғой, сол қуатты жобалардың санын 32-ге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз,– энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев.

Қазір Жамбыл облысында 9 жел, 6 күн және осынша су электр станциясы бар. Мамандар баламалы энергия көздерін өндіруге өңір өте қолайлы, дейді. Сондықтан бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса бермек.

Өзгелердің жаңалығы