Жамбыл облысы полицейлері Абайдың қара сөздерін жатқа айтты

6 Тамыз 2019, 09:40
2465
Бөлісу:
Жамбыл облысы полицейлері Абайдың қара сөздерін жатқа айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Полиция департаментінің полицейлері арасында Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» байқауы өтті.

Рухани жаңғыру


"Іс- шараның басты мақсаты - Ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын атап өту, шығармашылығын, асыл мұраларын насихаттау, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізгі қағидаларын орындау. Елімізде жарияланған Жастар жылы аясында дана Абайдың тағылымын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу. Байқауда 18 қызметкер қатысты", - делінген таратылғапн ақпаратта.

Қатысушылар Абайдың қара сөздерін жатқа оқып, әндерін шырқады. Байқау соңында әділқазы алқасы шешім шығару оңайға түспегенін айтты.  Жамбыл облысы «Рухани жаңғыру» жобалық офисі бастығының орынбасары Қадірбек Бекжан басшылық атынан барлық қатысушыларға алғыс хат пен арнайы сыйлықтар табыс етті.

Тартысты өткен байқауда жүлделі 3-ші орынды Шу АПБ учаскелік полиция инспекторы Бауыржан Төлеубай иеленіп, 2-ші орын ПД Жедел криминалистикалық басқармасының аға криминалисі Ақбота Махамбетоваға бүйырса, үздік болып - Сарысу АПБ учаскелік полиция инспекторы Руслан Мусаев танылды.

Өзгелердің жаңалығы