Жамбыл облысында ірі көлемде есірткі тәркіленді

Жамбыл облысында ірі көлемде есірткі тәркіленді
843

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Луговой станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Жамбыл облысының 46 жастағы тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Құқықбұзушы аса ірі көлемде, яғни жалпы салмағы 17 келіден аса "кептірілген марихуана" есірткі затын заңсыз сақтағаны үшін күдікті деп танылды, - дейді Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Алибаев.

Н. Алибаевтың айтуынша, тергеу соты оған қатысты "қамауға алу" шарасын санкциялаған. Тергеу жалғасуда.

Көлік полицейлері ағымдағы жылдың басынан бері есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты 197 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 17-сі өткізу, 10-ы сақтау және 4-еуі есірткі заттарын контрабандалық жолмен өткізу фактісі. Заңсыз айналымнан 59 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді, - деді  полиция полковнигі.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы