Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы жұмысынан босатылды

5 Тамыз 2020, 16:07
2201
Бөлісу:
Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы жұмысынан босатылды

Алматы, BAQ.KZ. Марат Жұманқұлов Денсаулық сақтау басқармасы басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы өңірдің әкімдігі хабарлады.

Жамбыл облысы әкімінің 2020 жылғы 5 тамыздағы өкімімен Марат Сейітбекұлы Жұманқұлов өз өтінішіне сәйкес денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен босатылды, - делінген хабарламада.

Басқарма басшысының міндетін атқару денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мырзақасымов Хамит Саттарқұлұлына жүктелді.
Өзгелердің жаңалығы