Жамбыл әкімі: Биыл өңірге 572 млрд теңге инвестиция тартамыз

25 Мамыр 2023, 13:06
741
Бөлісу:
Жамбыл әкімі: Биыл өңірге 572 млрд теңге инвестиция тартамыз
Фото: ortcom.kz

Биыл Жамбыл облысына 572 млрд теңге инвестиция тартылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Биыл есептік кезеңде өңірге 89,1 млрд теңге инвестиция тартылып, өсім 7,4%-ды құрады. Жалпы, 2023 жылы өңірге 572 млрд теңге инвестиция тартуды көздеп отырмыз. Сонымен қатар 85,4 млрд теңгеге 491 жұмыс орнын құрайтын 21 инвестициялық жоба іске асырылады деп күтілуде. Ал 2025 жылға дейін 1 трлн 900 млрд теңгеге 4 мың жұмыс орнын құра отырып, 60 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарда бар, - деп атап өтті өңір басшысы.

Айтуынша, өңірде бұл жұмыстар жүйеленген.

Апта сайын өзімнің төрағалығыммен инвестициялық штаб отырысы өткізіліп тұрады. Осы жұмыстардың нәтижесінде бүгінге дейін өткен 32 штаб отырысында 84, оның ішінде 21-і шетелдік инвестициялық жобалар қаралып, 69 млрд теңге инвестиция тартылды, - деді әкім.

Айта кетейік, осыған дейін әкім биыл Жамбылдағы өнеркәсіп өндірісі артқанын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы